26
сентябрь
2019
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауын мектеп ұжым арасында талдау
05.09.2019жылы «Тарас негізгі орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Д.Т.Каимбасова Қазақстан Республикасының Президентінің «Сындарлы қоғамдық диолог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» деген тақырыппен халыққа жолдауы туралы мектеп ұжымына таныстырып, жолдаудың бес бағытын талдады. Әсіресе 4 бағытта айтылған «Әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі» бойынша негізгі мәселе – ауылдық жерлерде білікті педагог кадрлардың тапшылығына байланысты «Дипломмен ауылға» бағдарламасының аясы кеңейгені, аз қамтылған және көп балалы отбасыларын қолдау үшін үкіметке дарынды баланың қабілетін дамытудың жол картасын әзірлеуді тапсырды. Мұғалімдер мен оқушылардың әлеуметтік жағдайын жақсарту жайында тамыз конференциясында алдағы 4 жыл ішінде мұғалімдердің еңбек ақысын екі есе арттыруды, келесі жылдан бастап ұстаздардың жалақысы 25 пайызға өсетінін айтып өтті. Сонымен қатар білім саласында оқушыларды сапалы оқулықтармен қамтамсыз етуді тапсырды. Тағы да бір үлкен халыққа жағымды маңызды мәселе 2020 жылдың 1 – қаңтарынан бастап әлеуметтік – медициналық сақтандыру жүйесіне көшетінімізді атап өткендігін атап өтті. Мектеп ұжымы да бір ауыздан жолдаудың тиімділігін айтып , болашақта Қазақстан Республикасының гүлденуіне ат салысатынын бір ауыздан қолдады.