08
октябрь
2019
Ұстаз болу – жүректің батырлығы
Ұстаз деген ұлы сөз. Ұстаз бақыты оның ұрпағының жеткен жетістігімен есептелінеді. Әрбір жастың отанға, тілге, дінге, мәдениет пен тарихқа деген сүйіспеншілігін оятуда мектеп мұғалімдерінің қосар үлесі мол. Өйткені мектеп табалдырығын аттаған балақан өмірдің алғашқы белестерін осы бір аяулы да ардақты атқа лайықты жандармен бірге өткізеді. Қазан айының алғашқы демалысына тұспа – тұс келетін ұстаздар мерекесі біздің де мектепте аталып өтті. 4 – қазан күні мектеп оқушылар ұстаздарына арнап мерекелік концерт ұйымдастырды. Мерекелік іс шараға 6 – сынып оқушылары өлең жолдарын арнаса 7,8,9 – сынып оқушылары ән шырқап, би билеп, ұстаз тақырыбына арналған өздерінің сатира жанрында көріністерін көрсетті. Мектебіміздің ардагер ұстазы Есдаулетова Күлімхан апай сөз сөйлеп, ұстаздарды мерекелерімен құттықтады. Шс шараның соңы оқушыларға арналған би кешімен жалғасты.