12
ноябрь
2019
Қазақстандағы жасөспірімдер арасындағы қылмыстықтың қазіргі таңдағы жағдайы
Қазіргі таңда өмірге көз – қарасты толық қалыптастырған жастардың арасында қылмыстың жасалуы кездеседі. Қылмыстың жасалуына жастардың криминалдық ортада өмір сүруі де ықпал етеді. Жастардың арасында көп жасалуына ол отбасындағы берілген тәрбие, ата – ананның балаға көңіл бөлуіне де байланысты. Қоғам кәмелеттік жасқа толмаған азаматтардың жасаған қылмыстарын ақылдарының толмағандарынан деп есептейді. Сондықтан да жасалынып жатқан қылмыстар құқық қорғау органдарына хабарланбай жататынын да кездестіріп жатамыз. Жасөспірімдерді қылмыс жасауға мына факторлар әсер етеді: отбасындағы қолайсыз жағдай, сабаққа бармау, оқу орындарында тәрбиелік жұмысты аз жүргізу, экономикалық жағдай, өздерінің құқықтарын дұрыс білмеуінен т.б. Сондықтан да баланы дұрыс тәрбиелеу жұмысында семьяға бірінші көмекші мектеп және қоғамдық ұйымдар болып табылады. Әсіресе жастар арасындағы әлі де болса кездесіп отырған қылмыстылық көп. Егер көпшілік қозғалса, оны алдын – ала ескеруге болады.Осыған байланысты 11.11.2019ж «Тарас негізгі орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» отдела образования Кербулакского районанде мектеп директорының ұйымдастыруымен мектепішілік ата – аналар жиналысы болып өтті. Жиналыста мектеп директоры Д.Т.Каимбасова жалпы ата – аналарға тәрбие – тал бесіктен басталады деген тақырыпта кіріспе сөз оқыды. Мектеп психологы Ә.Б.Қожақова тұрмыстық зорлық – зомбылық және жыныстық тиіспеушіліктің алдын алу, ДТІЖО А.А.Тукымбекова кәмелетке толмағандарға қатысты іс – әрекеттер, мектеп медбикесі Ж.Абдикалиева жасөспірімде арасындағы репродуктивтік денсаулық пен ерте жүктіліктің алдын алу, мектеп бойынша ата – ана төрайымы С.Иманжанова көпбалалы отбасыларының әлеуметтік жәрдемақымен қамтамасыз етілуі жайлы баяндама оқыды. Ата – аналар балаларына жауапкершілікпен қарап, мектеппен тығыз қарым қатынас жасайтындарын айтып өтті.