25
июль
2024
Білім беру сапасын арттыру: жетістіктер мен бастамалар 📎 2024 жылы Қазақстанның Оқу-ағарту министрлігі Білім сапасын бағалаудың ұлттық жүйесінің жаңа моделін бекітті.
Білім беру сапасын арттыру: жетістіктер мен бастамалар
📎 2024 жылы Қазақстанның Оқу-ағарту министрлігі Білім сапасын бағалаудың ұлттық жүйесінің жаңа моделін бекітті. Ал Ұлттық баяндама аясында нысаналы мектептермен жеке жұмыс жүргізуге, педагогтарды оқытуды күшейтуге баса назар аударылды.
✔️ Қазақстандық оқушылар 2024 жылы 12 халықаралық олимпиадада 361 медаль жеңіп алды, оның ішінде: 41 алтын, 134 күміс және 186 қола. Сондай-ақ оқушылар Сингапур, Қытай және АҚШ-тағы роботты техника бойынша халықаралық чемпионаттарда ерекше жетістікке жетті. Лос-Анджелестегі Дүниежүзілік ғылыми және инженерлік көрмеде, Өзбекстандағы Авиценна атындағы Халықаралық математикалық олимпиадада және биология олимпиадасында, Грузиядағы қыздарға арналған халықаралық математикалық олимпиадада, Қытайдағы химия бойынша Халықаралық Менделеев олимпиадасында 100% нәтиже көрсетті. Еліміздің оқушылары Балқан түбегінің ең мықты жас математиктерінің үштігіне енді.
🔺 Оқушылардың осындай жоғары нәтижелері биылғы шілде айында биология бойынша әлемдегі ең беделді олимпиаданы Қазақстанда өткізуге ықпал етті. IBO тарихында алғаш рет елордамызда ең көп қатысушы елдер бас қосты. Бұл – 81 елден келген 300 жас биолог. Еліміздің құрамасы қазақстандық білім берудің жоғары халықаралық имиджін тағы да растап, 100% медальдық есеп көрсетті.
📱 https://t.me/KZgovernment